Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Арыстық полицейлер жолда қалған жүргізушінің көлігін жөндеді

Арыстық полицейлер жолда қалған жүргізушінің көлігін жөндеп, көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арыс аудандық полиция бөлімі патрульдік полиция қызметінің инспекторлары Бекжан Мамаков бен Бақытжан Байболаев өздерінің қызметтік көліктерімен ауылдық округті патрульдеу кезінде мынадай оқиғаға кезікті. Полицейлер жол үстінде “Лада” маркалы автокөліктің бұзылып, жүргізушінің әбігерге түсіп жатқанын байқайды. Осыдан соң полиция қызметкерлері көліктің жанына тоқтап, оны жөндей бастайды. Небары аз ғана уақыттың ішінде жүрмей тұрған көлікті жөндеп, жүргізушіге тапсырады. Белгілі болғандай автокөлік бөлшегі істен шыққан екен. Полицейлердің осындай көмегіне жүргізуші өз алғысын жеткізді.

– Көше бойында жолда келе жатыр едім, кенеттен көлігім бұзылды. Жолда тұрғанымды көріп тоқтап көмек көрсеткен мына – Бекжан мен Бақытжан деген полицейлерге рақмет. Жолдарың болсын! Қайда болсаңдарда аман болыңдар, – деп алғыс айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру