«Арзан бағадағы көлік»: алаяқ шымкенттікті алдап кетті
Шымкентте автокөлік алып беремін деп 2,5 миллион теңгеге сан соқтырған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Еңбекші ауданы Полиция басқармасына Шымкент қаласының тұрғыны шағымданған. Онда белгісіз біреу Корея елінен қымбат автокөлік алып беремін деп уәдесін берген. Алаяқ жәбірленушінің сеніміне кіріп 2,5 миллион теңге ақшасын алып алдап кеткен. Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде автокөлік сатумен байланысты алаяқтық жасады деген күдікпен 29 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Оның Шымкент қаласы аумағында бұрын осы секілді жасалған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.