Айыппұл төлемеген екі жүргізушінің көлігі айыптұрағына қойылды
Полиция қызметкерлері Атырау қаласында «Intercoptor» автоматтандырылған бақылау жүйесінің көмегімен аса ірі мөлшерде айыппұл төлемеген екі автокөлікті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көлікердің бірі – Армения, екіншісі – Ресей есептерінде тұрғандықтан иелері деректер базасында тіркелмеген. Полицейлер «Кордон» фоторадар кешенінің көмегімен анықтап, 18 мамыр күні бұл көліктерді қала көшелерінде тоқтатты.
Олардың бірі «Opel Astra» көлігі жүргізушісі. 116 рет жылдамдықты арттырғаны үшін оған 1 млн. 117 мың 886 теңге көлемінде айыппұл салынған. Екіншісі «Daewoo Nexia» көлігінің жүргізушісі қозғалыс ережесін 20 рет бұзғаны үшін оған 173 625 теңге айыппұл салынған. Айыппұлдарды төленгенше, көліктер айыптұрағына қойылды.
Айта кету керек, 18 мамыр күні жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұл тұрағына қазақстандық, шетелдік есепке алынған 15 автокөлік қойылды.