Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шаруа қожалықтың жоғалып кеткен малшысы табылды

Атырау облысында жоғалып кеткен малшыны полицейлер қожалықтан алты шақырым жерден тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 мамыр күні «Батиха» шаруа қожалығының малшысы 1993 жылы туған ер адам 16 мамыр сағат 14:00 шамасында мал іздеп жүріп, жоғалып кеткендігі жөнінде хабарлама түсті.

Мақат кенті №8 ӨСБ-нің жеке кұрамынан үш адам, аудандық полиция бөлімінен алты қызметкер, екі автокөлік жұмылдырылды.

Іздестіру жұмыстары жүргізіліп, 14 сағат 25 минутта шаруа қожалығынан алты шақырым жерден малшы табылды. Жағдайы жақсы, медициналық көмекті қажет етпейді. «Батиха» шаруа қожалығы Мақат кентінен 25 шақырым жерде орналасқан.

Атырау облысы Мақат ауданының төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарға далада адасып қалған жағдайда жақындарыңызға және достарыңызға өз бағытыңызды, оралудың болжамды мерзімдері туралы айтыңыз, егер сіз уақытында оралмаған болсаңыз, олар дабыл қаға бастайды және құтқарушыларды қажетті жерге апарады. Екіншіден, ауа райы болжамын қарап, дауылды ескертулер жарияланбағандығына көз жеткізу керек. Құтқару қызметінің нөмірлері «112»
екендігін естен шығармаңыз.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру