Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әшекейлерді ұрлаған жетісайлық әйел қолға түсті

Түркістан облысында полицейлер әшекейлерді ұрлаған күдікті әйелді қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай  АПБ-ға  мереке күні жергілікті әйел тұрғын, яғни алтын әшекейлерді сататын орынның иесі арызданып келген. Ол өзінің арызында алтын бұйымдарының қолды болғанын жазып, көрсетеді. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 600 мың теңгеден асады.
Қылмысты дер кезінде ашу мақсатында  Жетісай АПБ-ның қызметкерлерінен арнайы жедел тергеу тобы құрылды. Полицейлер жедел-іздестіру шараларын тиянақты жүргізді. Куәгерлерден сұрақ-жауаптар алынып, ғимараттағы барлық бейнекамералар жіті қаралды. Нәтижесінде жетісайлық тәртіп сақшылары күдіктінің ізіне түсті.  Бір күн ішінде оның түр-тұлғасын анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті Жетісай ауданының әйел тұрғыны болып шықты. Ол бұрын соңды сотты болмаған. Оңай жолмен ақша табу мақсатымен,  алтын бұйымдарды жымқырған. Бүгінде ол келу туралы міндеттемеде. Жетісай АПБ-ның тәжірибелі тергеушілері сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде.  Айғақты зат ретінде күдіктінің үйінен ұрланған алтын әшекейлер табылып, заңды иесіне қайтарылды.

Түркістан облысы полиция қызметкерлері тұрғындарға ескертеді: үй-жайларыңызға,  жеке ғимараттарыңыз бен нысандарға мықты құлып орнатып, бейнекамералармен жабдықтаңыздар. Сондай-ақ аулаларыңызды жарықтандырып, есік-терезелеріңізге темір тор жасатыңыздар. Егерде сіз осы секілді ұрлықтың жайтының құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада “102” нөміріне хабарлаңыз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру