Ашоттың көмегімен велосипед ұрлығы ашылды
Ашоттың көмегімен велосипед ұрлығы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 сәуір күні Көкшетау қаласының полиция басқармасына 32 жастағы жергілікті тұрғынның ағымдағы жылдың 17 сәуіріне қараған түні белгісіз адам подъезден 60 мың теңге тұратын спорт велосипедын ұрлап кеткені туралы өтініші келіп түсті. Жәбірленушінің айтуынша, велосипед тростық құлыппен бекітілген болған.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы құрамында полиция старшинасы Аткенов Омар Ашот атты қызметтік-іздестіру итімен келді.
Ашот ізді алып, полицейлерді ұрлық жасалған жерден шамамен 2,5 км қашықтықта орналасқан жеке үйдің ауласына апарды.
Ұрланған велосипед жеке сектордан табылды. Күдікті облыс орталығының бұрын істі 40 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адамның айғақтарына сәйкес, ол мас күйде болғандықтан, басқа біреудің мүлкін иемденіп, велосипедпен үйге жетуді ойлаған, бірақ жол бойында оны аулалардың бірінде қалдырған.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.