Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісайда бір тәулікте 300-ден астам құқық бұзушылық анықталды

Жетісайда бір тәулікте 300-ден астам құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД бастығының бұйрығымен 18 сәуірде Жетісай ауданы аумағында “Құқықтық тәртіп” іс-шарасы өткізілді. Тәртіп сақшыларының атқарған жұмыс нәтижесінде бір тәулікте жалпы 316 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Айыптұраққа 31 автокөлік қойылды. Жол қозғалысына қатысты ең негізгі 7 бағыт бойынша 205 тұрғынға ҚР ӘҚБтК-нің түрлі баптарымен әкімшілік хаттамалар толтырылып, заңды шара көрілді.

Мәселен, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабымен екі жайт, 441-бабымен бір жайт, 434-бабымен сегіз дерек, 442-бабымен жеті дерек, 449-бабымен үш жайт, 492-бабымен бес жайт, 518-бабымен екі дерек, 519-бабымен екі дерек, 230-бабы 2-бөлігімен 24 хаттама, 590-бабы 5-бөлігімен 45 дерек, 590-бабы 9-бөлігімен 18 жайт анықталды. Ал ҚР ӘҚБтК-нің 612/1-бабымен екі хаттама, 590/7-бабымен үш хаттама, 601/1-бабымен 14 хаттама, 593/2-бабымен 44 хаттама, 600-бабымен екі хаттама және 615-бабымен 23 хаттама толтырылды.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол-техникалық инспекция саласы бойынша аудандағы көшелерге тексеру жұмыстары жүргізіліп, жол белгілерін қоюға, жаңартуға, көшелердің қажетті жерлеріне жасанды жол кедергілерін орнатып, жаяу жүргінші жолақшаларын сызу, көшелерді жарықтандыру жөнінде Жетісай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне екі ұйғарым жолданды.

Рейд барысында есепте тұрған 248  тұрғын тексеріліп, аталған есептегі тұлғалармен профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жалпы, бұл шараның басты мақсаты – қылмыстың алдын алу, орын алған және бұрын болған қылмыстарды ашу, жедел жағдайды сауықтыру, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы ережелерінің алдын алу.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру