Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана полицейлері балаларға арналған спорттық марафон ұйымдастырды

«Динамо» ДСҚ спорт кешенінде халықаралық балаларды қорғау күніне арналған марафон өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның негізгі мақсаты – дене шынықтыру мен спортты насихаттау, балаларды тұрақты спортпен шұғылдануға тарту, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Марафонға әр түрлі секциялардан спортшы балалар, кадет сыныптарының тәрбиеленушілері, ювеналды полиция өкілдері бар балалар қатысты.

Марафон жасөспірімдердің жүгіру жарысынан басталды, онда көрме нөмірлерімен әртүрлі секциялардағы балалар қатысты. Содан кейін шағын футболдан, арқан тартудан турнирлер өткізілді. Барлық жарыстарда балалар қарсыласын жеңіп, жүлдеге жақындау үшін барынша өз күштерін салды. Спорттық шайқастар ең беделді турнирлерден кем түспеді, өйткені көптеген балалар бұған дейін де әр түрлі біріншіліктерде өз командаларының намысын бірнеше рет қорғаған. Турнир эстафетамен, скакалкамен секіру және сурет байқауымен аяқталды. 

Марафон қорытындысы бойынша төрешілер грамоталармен, сыйлықтармен және тәтті сыйлықтармен жеңімпаздарды марапаттады.

Ұйымдастырушылар атап өткендей, мұндай жарыстар күшейтілген жаттығуларға және өзін-өзі дамытуға жақсы ынталандыру болмақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру