Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Дүкен алдында бикешті тонап кеткен семейлік тұрғын құрықталды

Дүкен алдында бикешті тонап кеткен семейлік тұрғын құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мамыр айының соңында Семей қаласы ПБ Әуезов полиция бөліміне 38 жастағы қала тұрғыны “Жансая” дүкенінің алдында белгісіз ер адамның оның қолынан 11 мың теңге мен жеке басының атына банк картасы салынған қара түсті әмиянды қолынан жұлып алып, қаша жөнелгені туралы хабарлады. Келтірілген залал сомасы 15 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жедел уәкілдер күдікке ілінген 27 жастағы жұмыссыз ер адамды анықтады. Жауап алу кезінде күдікті кінәсін мойындап, ұрланған заттарды иесіне қайтарды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 191- бабының 1-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру