Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана полицейлері есірткі сайттарының трафаретшісін ұстады

Астана полицейлері есірткі сайттарының трафаретшісін жарнамалау үстінде ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордалық полиция қызметкерлері есірткі заттарын жарнамалайтын Ақмола облысының 34 жастағы тұрғынын ұстады. Күндізгі уақытта ол гараждың қабырғаларына баллонмен граффити салған.

Тәртіп сақшыларына ұсталмай тұрып бірнеше күн бұрын ер адам әлеуметтік желілер арқылы есірткіні жарнамалайтын сайттарды көрсететін граффити суреттерін салу бойынша трафаретші ретінде жұмысқа орналасқаны анықталды. Жұмыстың заңға қайшы сипатын біле тұра, ол күндізгі уақытта қабырғаларға жазу жаза бастаған. Алайда ер адам сурет салу кезінде қылмыс үстінде полиция қызметкерлеріне ұсталды.

Тексеру барысында Hyundai автокөлігінің жүксалғышынан бояу баллоны мен трафарет табылды. Күдікті көлікті жеке тасымалдау үшін жалға алған. Оның бұрын сотты болғаны анықталды. Ұсталған азамат мойындау көрсетпелерін берді. 

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 299-бабының 1-бөлігі бойынша (Есірткі, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жыл басынан бері заңсыз айналымнан 250 келіден астам түрлі есірткі құралдары тәркіленіп, 69 есірткі сайты бұғатталды.  

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру