Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана полицейлері көлік дөңгелектерін ұрлаған адамды қолға түсірді

Астана полицейлері көлік дөңгелектерін ұрлаған адамды қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорда тұрғыны сағат 20.00 шамасында Тілендиев даңғылынан өтіп бара жатып, ТҚС жанында дөңгелектер тұрған құлыпталмаған контейнерді байқайды. Қаскүнемнің олжасы үш қысқы дөңгелек болды. Ұры “Рахмет” сауда үйіне барып, ұрланған заттарды өтіп бара жатқан адамдарға төмен бағамен сатпақшы болған.

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ұрының белгілері бойынша бағдар алғаннан кейін, “ізін суытпай” Ақмола облысының 30 жастағы тумасын анықтап, полицияға жеткізді. Ұрланған дөңгелектер тәркіленді.

Сарыарқа ауданы полиция бөлімінің полицейлері аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ер адам мойындау көрсетпелерін берді. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру