Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана полицейлері мас күйде көлік айдап кеткен адамды ұстады

Астана полицейлері көлікті мас күйінде айдап кеткен адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түнгі сағат 04.43-те полицияға елорда тұрғынына тиесілі ВАЗ-2114 автокөлігін айдап әкеткені туралы хабарлама келіп түсті. Көлік иесі автокөлігін оталдырып Талапкер көшесіндегі жеке үйдің жанында қалдырып кеткен. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлық жасады деген күдікпен 32 жастағы азамат анықталды.

Сарыарқа ауданы ПБ қызметкерлері мас күйдегі ер адам көліктің есігі құлыпталмағанын және жүргізушінің жоқтығын пайдаланып, рөлге отырып, автокөлікті айдап әкеткенін анықтады.

Полиция қызметкерлері бөтеннің көлігін заңсыз иемдену фактісі бойынша ҚР ҚК 200-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіліп жатыр.

Бұдан басқа көлік басқаруға құқығы жоқ адамның алкогольдік мас күйінде автокөлікті басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК 608-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен ер адам қамауға алынды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру