Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана полицейлері ҚАЖ ардагерін мерейтойымен құттықтады

Астана полицейлері ҚАЖ ардагерін мерейтойымен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің басшылық құрамы еңбек ардагері ішкі қызмет подполковнигі Дулатбек Жаубекұлы Жусупбековты 70 жасқа толуымен құттықтады.
Дулатбек Жусупбеков өзінің ішкі істер органдарындағы еңбек жолын 1978 жылы колония бастығының кезекші көмекшісі болып бастады, одан әрі жедел-режим бөлімінің бастығы, мекеме бастығының орынбасары сияқты түрлі лауазымдарды қызмет атқарып, 2001 жылдың тамызында еңбек демалысына шықты.

Барлық лауазымдарда ол жұмысқа адал және жауапты қарады. Жас қызметкерлерге үлгі болды және өзінің кәсіби тәжірибесін жеткізді. Жеке құрам арасында құрмет пен беделге ие болды. Бірнеше рет “Мінсіз қызметі үшін” медальдарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бүгін де Дулатбек Жусупбеков марапатсыз қалған жоқ, ҚАЖД бастығы Дәулет Рақымбеков ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлерінің қазақстандық кеңесінің төрағасы Ө.Болсамбековтың “ҚР ІІМ құрметті ардагері” медалін табыстады.

– Үлкен ерік-жігер, белсенді өмірлік ұстаным, оларға тән сарқылмас энергия – бұл жас ұрпақ үшін патриотизмнің лайықты үлгісі. Ардагерлер – адалдықтың, батылдық пен ар-намыстың үздік дәстүрлерін сақтаушылары, – деп тілегін білдірді департамент бастығы Дәулет Рақымбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру