Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана тұрғындары полицейлерге жедел қызметі үшін алғыс білдірді

Астана тұрғындары елордалық полицейлерге жедел қызметі үшін алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордалық Полиция департаментіне уақтылы көрсеткен көмегі үшін қала тұрғындарынан көптеген алғыс сөздер айтылады. Полицейлердің жұмысы туралы оң пікірлер ПД бастығы Марат Төлебаевтың атына тікелей келіп түседі, онда олар тәртіп сақшыларына жедел әрекет еткені үшін алғыс білдіреді.

Сонымен, компьютерлік клубта ұялы телефоны ұрланған қала тұрғынынан алғыс хат келіп түсті. Жәбірленуші полицияға жүгінген. Сарыарқа ауданы Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы құрамындағы полиция қызметкерлері қылмысты “ізін суытпай” ашты.

– Полицейлердің кәсібилігі мен үйлесімді жұмысының арқасында құқық бұзушы тез арада анықталып, ұсталды.
Тәртіп сақшыларының қызметтік борышын адал атқарғаны, кәсібилігі мен сауаттылығы үшін зор алғысымды білдіремін, – деп жазады ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру