Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана тұрғыны көлік бамперлерін ұрлаған

Астана тұрғыны көлік бамперлерін ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға елорда тұрғыны жүгініп, оның тұрақта тұрған ВМW-525 автокөлігінің алдыңғы және артқы бамперлерін ұрлап кеткені және 120 мың теңге сомасында материалдық шығын келтіргені туралы арызданған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Сарыарқа ауданы ПБ қызметкерлері ұрлық жасады деп күдіктелетін 19 жастағы жас жігітті ұстады.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті мойындау көрсетпелерін берді, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру