Астана жатақханаларының бірінен телефон ұрлаған күдікті анықталды
Астана жатақханаларының бірінен телефон ұрлаған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға елорда тұрғындарынан ұялы телефондардың жоғалу фактісі бойынша арыз келіп түсті.
Алматы ауданы ПБ полиция бөлімінің қызметкерлері түнгі уақытта белгісіз біреу бөтеннің жеке секторының аумағына сағат 03:00 шамасында кіргенін анықтады. Жатақханаға кіріп, тұрғындардың ұйықтап жатқанына көз жеткізген. Кейін ол бөлмелерді аралап, есігі жабылмай қалған бөлмені іздей бастаған. Солардың бірін тапқаннан кейін ол үйге заңсыз кіріп, қуат көзіне қосылған екі телефонды алып кеткен. Ол уақытта телефон иелері қатты ұйықтап жатқан.
Күдікті Samsung және Xiaomi маркалы смартфондарды қаланың СОО-ның бірінің жөндеу бөліміне тапсырып, ол үшін ақшалай қаражат алған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жедел уәкілдер Қызылорда облысының 38 жастағы тұрғынын бейнекамералар арқылы анықтады. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, ер адам «үй қамағына алынды». Заттай дәлелдемелер тәркіленді.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.