Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада алаяқтықтың бірнеше дерегіне қатысы бар екі студент ұсталды

Астанада алаяқтықтың бірнеше дерегіне қатысы бар екі студент ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

19 жастағы екі жігіт тауарлық несиелер бойынша пайдалы “бизнес” ұйымдастырған. Студенттер 19 азаматты алдай алған, олардың арасында достары, курстастары мен таныстары бар.

Алдаудың қылмыстық схемасын ойлап тауып, күдіктілер таныстарына банктен тауарлық несие рәсімдеп беруді ұсынған. Көбінде Iphone ұялы телефонының соңғы модельдерін сатып алған. Жігіттер банктегі байланыстары арқылы кредиттердің күшін жоя аламыз деп сендіріп, қызметі үшін азаматтарға 100 мың теңгеден 200 мың теңгеге дейін төлеген. Жаңа гаджеттерді алғаннан кейін олар оны қаланың сауда үйлерінде сатқан.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілерді елордалық Есіл ауданының полиция қызметкерлері ұстады.

ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Келтірілген шығын сомасы анықталуда. Сонымен қатар қазіргі уақытта полицейлер аталған адамдардың заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды анықтап жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру