Астанада автокөлік жуушылар клиенттің көлігін ұрлап, трассаға шығып кеткен
Астанада автокөлік жуушылар клиенттің көлігін ұрлап, трассаға шығып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында үш автокөлік айдап әкетуші Көкшетау қаласындағы тұрғын үйдің жанында ұсталды.
Елорда тұрғыны полицияға көлік айдап әкетілгені туралы арызбен жүгінді. Әйелдің айтуынша, кешкі уақытта ол Honda Fit LX автокөлігін автокөлік жуу орталығында кілттермен бірге қалдырып, таңертең оралуға уәде берген.
Жұмысшылар алдымен көлікті жуғаны, содан кейін жұмыс күнінің соңында олардың ішімдік ішкені анықталды. Осыдан кейін олар біреудің көлігімен қаланы бір айналып келмекші болады. Алайда қала бойынша жүрумен шектелмей, көлік жуушылар Көкшетауға қарай шығып кетіп, полиция қызметкерлеріне ұсталынады.
Күдіктілер ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұсталғандардың екеуі бұрын бірнеше рет сотталғаны анықталды.
Қазіргі уақытта аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, автокөлік иесіне қайтарылды.