Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада ер адам жаңа досының телефоны мен алтын бұйымдарын ұрлаған

Астанада ер адам жаңа досының телефоны мен алтын бұйымдарын ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыарқа аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар 26 жастағы Астана тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында ер адамның жәбірленушімен кездесіп, танысуды оның пәтерінде жалғастыруды ұйғарғаны анықталған. Екеуі спирттік ішімдік ішіп, отырысты көңілді өткізгеннен кейін әйелдің ұйықтап қалғанын пайдаланған жаңа дос пәтерден шығарда оның ОРРО телефонын, алтын бұйымдары мен косметикасын алып, жалпы сомасы 256 мың теңге материалдық шығын келтіріп, “ізін суытқан”.

Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оның елордада бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бары анықталды.

Астана қаласы полиция департаменті азаматтарға қырағы болуға, бейтаныс адамдарға сенбеуге, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру