Астанада есірткі сатумен айналысқан тағы бір арнаның иесі қамауға алынды
«Қарасора – 2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында елордалық полицейлер есірткіні заңсыз сақтаумен айналысқан 27 жастағы Астана тұрғынын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер күдіктінің әйелімен бірге тұратын пәтерді тінту кезінде салмағы 1 келі 273 грамм мефедрон және 2 келі 210 грамм галлюциногенді саңырауқұлақтар есірткі затын тапты.
Синтетикалық препараттың бір бөлігі 550 пластик пакетке оралған түрінде рюкзактан табылды.
Қалғаны пластикалық шелекте сақталған. Сонымен қатар, дәліздегі шкафтан 8 қапта галлюциногенді саңырауқұлақтар сақатағаны белгілі болды.
Тергеу барысында жігіттің Telegram арнасы арқылы есірткі сататын интернет-дүкеннің ортақ иесі екендігі анықталды.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілі жатыр.
Жас жігіт кінәсін мойындап, Астана қаласы ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полицейлер есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және сол тектестерді өткізу, аса ірі көлемде заңсыз дайындау, қайта өңдеу, алу, сақтау, тасымалдау – үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалатынын айтады.