Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада ІІО ардагерлері “Қазақстан полициясына 30 жыл” төсбелгісімен марапатталды

Астанада ІІО ардагерлері “Қазақстан полициясына 30 жыл” төсбелгісімен марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Салтанатты шараны ашқан Астана қаласы полиция департаментінің басшысы Марат Төлебаев ішкі істер органдарының ардагерлері мен жеке құрамды келе жатқан мемлекеттік мерекемен құттықтады.

 

1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда жаңа Конституцияның жобасы қабылданды. Жыл сайын республикада бұл күн негізгі мемлекеттік мерекелердің бірі ретінде атап өтіледі.

– Конституция, негізгі қағидат – қарапайым адам құқықтарының басымдығын жариялаудан басталады. Осы қағиданы іс жүзінде іске асыруды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзі жариялаған “халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамаларында, әділ қоғам мен тиімді мемлекет құруда жүзеге асырады.
Елордалық полицейлер алдағы уақытта да азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғай отырып, өз қызметтік борышын абыроймен атқаратынына сенімдімін, – деп атап өтті Марат Төлебаев.

Дәстүр бойынша мерекеге орай ішкі істер органдарының ардагерлері мен полиция қызметкерлері медальдармен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

ҚР ішкі істер министрінің бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін “Қазақстан полициясына 30 жыл” медалімен айдауылдау қызметі бөлімшесінің командирі Айдын Базаров марапатталды.

ҚР ІІМ алғыс хатымен Астана қаласы ПД кинологиялық қызмет орталығының инспектор-кинологы полиция аға лейтенанты Ақтөре Керімқұл марапатталды.

Сонымен қатар, Астана қаласы полиция департаменті бастығының бұйрығымен “Қазақстан полициясына 30 жыл” медалімен ішкі істер органдарының ардагері Андрей Цыплухин, қол сағатпен ішкі істер органдарының ардагері Шәмшінұр Шекенова марапатталды.

Сондай-ақ, елордалық департамент бөліністерінің үздік қызметкерлерлері де марапат алды. Олардың қатарында Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары Тимур Никифоров, Байқоңыр ауданы ПБ анықтаушысы Салтанат Сергазиева бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру