Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада жазаны өтеу тәртібін бұзған сотталғанға қатысты сотқа ұсыным жолданды

Қызылордада жазаны өтеу тәртібін бұзған сотталғанға қатысты сотқа ұсыным жолданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Пробация қызметінде есепте тұрған адамдардың жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу бойынша полиция бөліністерінің және пробация қызметтерінің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мақсатында 2023 жылғы 21-28 тамызы аралығында облыс аумағында шартты түрде жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Аталған ЖПІШ кезінде Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының 2022 жылдың 2 наурызының үкімімен ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы (Ұрлық) бойынша екі жыл бес ай жиырма алты күн мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталған Б. есімді азамат жаза өтеу тәртібін бұзуға жол бергені үшін 2023 жылдың 25 тамызға Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотына бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы ұсыным жолданды.

Яғни, Б. есімді сотталған есепке алынғаннан кейін оған бірнеше рет жазбаша ескерту жарияланғанына қарамастан қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын 4 әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға жол берген.

Қазақстан Республикасы ҚК-нің талаптары бойынша бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған адамның қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға жол бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы – бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуді бұзуға жатады.

Қазіргі кезде аталған ұсыным іс-құжаттары Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотының өндірісінде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру