Астанада полиция студенттерге дәріс ұйымдастырды
Астанада полиция студенттерге дәріс ұйымдастырды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы ауданы полиция басқармасының қызметкерлері мен жедел қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері бірлесіп “Қоғамдық тамақтану және сервис колледжі” студенттеріне дәріс өткізді.
Іс-шараға колледждің 95 студенті мен оқу орнының басшылығы қатысты. Дәрістің тақырыбы – “Жолдарда және қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу”.
Кездесу барысында студенттермен мазмұнды әрі ашық диалог өтті. Олар интернет-алаяқтық, интернет кеңістігіндегі жасанды интеллекттің қолданылуы және өзге де өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды.
Сонымен қатар қатысушыларға қала көшелерінде және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстаудың негізгі әрі қарапайым ережелері түсіндірілді. Әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда туындайтын салдарлар мен жауапкершілік туралы ақпарат берілді. Дәріс барысында “буллинг” және “дропперлік” ұғымдары кеңінен түсіндіріліп, олардың қоғамға тигізетін кері әсері атап өтілді.
Полиция департаменті әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде жалған жарнамалар мен “жеңіл табыс” ұсынатын ұсыныстарға сенбеу;
– буллингтің кез келген түріне жол бермеу, ондай жағдай туындаса бірден ата-анаға немесе оқу орнының әкімшілігіне хабарлау;
– “дропперлікке” (өзінің банк картасын немесе шотын бөгде адамдарға пайдалануға беру) қатыспау, себебі бұл заң алдында жауапкершілікке әкеледі;
– құқық бұзушылықтың куәсі болған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарлау керектігін ескертті.
