Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада шетел азаматшасы “әріптестерінің” атына несие рәсімдеген

Астанада шетел азаматшасы “әріптестерінің” атына несие рәсімдеген, – Polisia.kz.

Тергеу барысында Өзбекстанның 33 жастағы азаматшасы өз әріптестерінің атына тауарлық несие рәсімдегені анықталды. Супермаркетте тағылымдамашы болып жұмыс істей отырып, әйел қызметкерлердің сеніміне кіріп, мобильді қосымша арқылы оларға тауарлық несиелер рәсімдеген, содан кейін делдалдар арқылы қолма-қол ақшаға ауыстырған.

Супермаркет директоры полицияға берген арызында, тағылымдамашының алаяқтық жолмен телефонды иемденгенін және оның атына 1,5 млн теңге несие рәмдегенін хабарлаған.
Осылайша, шетелдік азаматша өзінің үш әріптесін алдап, 4 млн теңге шамасында материалдық шығын келтірген.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Әйел Уақытша ұстау изоляторына қамалды, полицейлер аталған адамның құқық бұзушылық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды анықтап жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру