Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада сотталған қоныс колонясына телефон алып кірмек болған

Астанада сотталған қоныс колонясына телефон алып кірмек болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы ҚАЖ департаментіне қарасты №3 мекемесінің қызметкерлерінің жедел ақпаратына сайкес, мекемеге келген сотталғанның жеке заттарын тексеру барысында сөмкесінің ішінде жатқан құжаттарының арасына жасырылған ұялы телефон табылып, тәркіленді.

21 қыркүйекте 20 жастағы азамат қала аумағында орналасқан тіс емханасына шығарылып, мекемеге қайта кірмек болған кезде одан ұялы телефон тәркіленді. Сотталғанның айтуынша, телефонды тауып алып, мекеме аумағына жеке өзіне қолдану үшін алып кірмек болған.

Көлік басқару құқығынан айырылған және масаң күйде көлік жүргізгені үшін өтеп жүрген жаза мерзімінің аяқталуына 3 ай уақыт қалған болатын, енді ол жазасының қалған бөлігін қатаң шарттар бойынша өтейтін болады.

№3 мекеме бастығының орынбасары Бағдат Амангалдиевтың айтуы бойынша, жыл басынан бастап 13 ұялы телефон тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру