Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада сотталғандар арасында психологиялық тренинг өтті

Ұлттық алдын алу тетігі қатысушылары астаналық ҚАЖД-ға сотталғандар арасында психологиялық тренинг өткізуге көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

​Астана қаласы бойынша ҚАЖД-ның бастамасы бойынша Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының көмегімен “Астана әлеуметтік технологиялар” ҚҚ психологы Ульяна Ростовщикованың шақыруымен департаменттің №2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында психодиагностикалық тексеру, тренингтер өткізілді.

Бұл іс-шара сотталғандардың мінез-құлқын болжау, психоэмоционалды бұзылулардың, сотталғандардың қоғамнан оқшаулануына байланысты невратиялық бұзылулардың уақытылы алдын алу, аутоагрессивті әрекеттердің алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.

Ульяна Ростовщикованың алғашқы нәтижелері бойынша бақылау мен қадағалауды күшейту қажеттілігі, олармен қосымша жеке әңгімелер жүргізілуі қажет сотталғандар анықталды.

Астана қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы Астана қалалық ҰАТ қатушысы, “Астана әлеуметтік технологиялар” ҚҚ басшысының орынбасары Динара Мавланованы жемісті іс-шараны өткізуге жәрдемдескені үшін үлкен алғысын білдіреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру