Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда сотталғандарға иттердің көмегімен психологиялық жаттығу өткізілді

Павлодарда сотталғандарға иттердің көмегімен психологиялық жаттығу өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облыстық ҚАЖД-ға қарасты №45 мекемесінің қызметкерлері тұтқындарға әдеттен тыс психологиялық күн ұйымдыстырған. Колонияға хаски мен малинуа шопан иттері әкелінген. Мұндай психологиялық пикникке сотталғандар қуана-қуана келген.

– Бұл шараны өткізу және ұйымдастыру үшін біз Павлодардағы шана иттері федарациясының өкілдеріне хабарластық. Ол біздің әдеттен тыс өтінішімізге жауап берді. Бұл, ең алдымен сотталғандарға психологиялық жеңілдік , олардың бос уақытын әртүрлі сан-алуан өткізуге бағытталған, – дейді Павлодар облыстық ҚАЖД-ға қарасты №45 мекемесінің тәрбие-ісі бойынша орынбасары Нұрлан Тойғанбаев.

Төртаяқтылар өз өнерлерін керемет көрсетіп, тұтқындармен ойнап, өздерін үйдегідей ұстаған.

– Осындай ерекше дайындық үшін мекеме ұжымына алғысымыз шексіз. Мен өзімді еркіндікте болғандай сезіндім. Мені үйде питбуль үй жануары күтіп отыр, – дейді Алексей.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру