Астанада танысын алдап соққан күдікті анықталды
Астанада танысын алдап соққан күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы барысында Есіл ауданы ПБ-ның қызметкерлері елорда тұрғынының сенімін пайдаланып, оның ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп кеткен 34 жастағы ер адамды анықтады.
Жәбірленушінің танысынан пәтерге ипотека алуға көмек сұрағаны белгілі болды. Күдікті оны уәкілетті органдарда байланысы бар екеніне сендірді және «қызметтері» үшін қолма-қол 200 мың теңге сұрады. Ақшаны алған алаяқ жәбірленушіні ұзақ уақыт бойы уәделерімен тойдырып, кейін онымен байланысын мүлдем тоқтатқан. Күдіктінің бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.