Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада учаскелік полиция инспекторын балағаттаған азамат 10 тәулікке қамауға алынды

Астанада учаскелік полиция инспекторын балағаттаған азамат 10 тәулікке қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“102” арнасы арқылы тәртіп сақшыларына отбасылық жанжалға байланысты әйел телефон соққан. Мән-жайды анықтауға бірден аталған мекенжай бойынша шара қолдану үшін Сарыарқа ауданының учаскелік полиция инспекторлары келген. Шақыруға келген кезде бұзақылық жасаған ер адам құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты әдепсіз сөздер айтып, ашықтан-ашық құрметтемеушілік таныта бастаған. Полицейлер ер адамды тәртіпке шақырғанымен, ол дөрекі сөйлеп, балағаттауды жалғастырған. Сөйтіп тәртіп сақшыларына көнбеген ер азамат полиция бөліміне жеткізілген. Ол қызметтік көлікте отырғанда да бірталай дөрекі сөздер айтып, тәртіпке бағынбаған.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы 1-бөлігі (Билік өкілін қорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар бұрын сотты болған бұзақы ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен 10 тәулікке қамауға алынды.

Полиция департаменті азаматтарды тәртіпті сақтауға және полиция қызметін құрметтеуге шақырады. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында тәртіп сақшылары кейде бағынбаушылыққа, агрессияға, тіпті оларға қарсы күш көрсетуге де тап болады. Дегенмен елордалық полицейлер жеке құрам арасында заңдылықты сақтау және тәртіп сақшыларының азаматтар алдындағы жауапкершілігін арттыру үшін барлық шараларды қабылдауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру