Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада жалдамалы пәтерден тұрмыстық техниканы қолды қылған азамат құрықталды

Астанада жалдамалы пәтерден тұрмыстық техниканы қолды қылған азамат құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыарқа аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасап, бұрын сотталған 38 жастағы ер адамды анықтады. Күдікті азаматтың бір айға пәтер жалдағаны анықталды. Пәтерде аз ғана уақыт тұрып, пәтердегі Hair теледидары мен VEKO кір жуғыш машинасын досына сатып жіберген. Үй иесі тұрмыстық техниканың жоғалғанын жалға беру мерзімі біткенде біліп, құқық қорғау органдарына хабарласқан.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, аталған азаматтың осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру