Астанадағы мешітте ер адам жасөспірімнің телефонын қолды қылды
Астанадағы мешітте ер адам жасөспірімнің телефонын қолды қылды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Сарыарқа ауданының ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде телефон мен әмиянды ұрлаған елорданың 40 жастағы тұрғынын анықтады.
Тергеу барысында, оның таңертен Гете көшесіндегі мешітке келгені анықталды. Намаз бөлмесінде ер адам 17 жасар жасөспірімнің жанына отырған. Далаға шыққаннан кейін кәмелетке толмаған бала күртешесінің қалтасынан құны 90 мың теңге тұратын Росо телефоны мен құжаттары бар әмиянының жоғалып кеткенін байқаған.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол өзінің кінәсін толық мойындап, ұрланған телефонды өтіп бара жатқан бейтаныс адамға сатқанын айтты.
Күдіктінің елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.