Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астаналық әйел мемлекеттік бағдарламамен пәтер әперемін деп тұрғындарды алдаған

Астаналық әйел мемлекеттік бағдарламамен пәтер әперемін деп қала тұрғындарын алдаған, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Елордада 31 жастағы тұрғын азаматтарға мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға жәрдем көрсетуге уәде берген.

Тұрғын үй сатып алғысы келетіндердің күдігін оятпау үшін ол мемлекеттік мекемеде байланыстары барын айтып, айласын асырған. Шын мәнінде, әйелдің мемлекеттік мекемеге ешқандай қатысы жоқтығы анықталды.

Күдікті 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін елорданың 10-ға жуық тұрғынын алдап келген. Жәбірленушілер енгізген бастапқы жарна сомасы 1-ден 1,5 млн. теңгеге дейін болған. Өзінің сыйақысын ол бірден алған, алайда берген уәдесін орындайтын ойы болмаған.Қала тұрғыны кінәсін толық мойындады.

Оған қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Сондай-ақ елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Полиция атап өткендей, аталған баптың санкциясы 1 мың АЕК-ке дейінгі айыппұлдан екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге дейін немесе мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру