Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астаналық полицейлер велосипед ұрысын ұстады

Астаналық полицейлер велосипед ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға велосипедтің ұрланғаны туралы жоғалғанын көрген иесі хабарлады.

Тергеу барысында Алматы қаласының 35 жастағы тумасы түнгі сағат 04:00 шамасында жатақхана дәлізінде велосипедті байқағаны анықталды. Куәгерлердің жоқтығын пайдаланып, ол бекітілген велосипедті шешіп ұрлап кеткен. Ұрланған велокөлікті ер адам танысына сатпақшы болған, алайда сатып алудан бас тартқан соң, ол өтіп бара жатқан бейтаныс әйелге төмен бағамен сатып жіберген. Бұл туралы ол мойындау көрсетпелерін берді.

Ұрлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарды маусымдық велосипед ұрлығының жиілеп кеткендігі туралы ескертеді және келесі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

* велосипед жақтауларына белгі қойыңыз (айырым белгілерін қойыңыз);

* велосипедтерді кіреберістерде (тіпті домофон орнатылған болса да), дүкендердің жанында және қала саябақтарында қараусыз қалдырмаңыз;

* сенімді велосипед құлыптарын қолданыңыз (дұрысы U-құлыптары).

Сондай-ақ полиция қылмыстық жолмен көрінеу өндірілген мүлікті сатып алу немесе өткізу ҚР ҚК-нің 196-бабында көзделген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру