Астаналық тұрғынның ұрлыққа оқталу сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған
Астаналық тұрғынның ұрлыққа оқталу сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға Керей-Жәнібек хандар көшесіндегі дүкен иесі жүгініп, тауардың ұрланғаны туралы хабарлаған. Қылмыс жасалған сәт үй-жайда орналасқан камераға түсіп қалған. Жас жігіт тауар сөрелеріне барып, әрі қарай сату үшін қажетті өнімді жинай бастаған. Күдіктінің «себетінде» 5 бөтелке сусабын мен MERСI шоколады болған.
Қылмысқа қаланың 32 жастағы тұрғынының қатысы бары анықталды. Ер адамға ешқайда шықпау туралы қолхат бұлтартпау шарасы таңдалды.
Қазіргі уақытта аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Астана қаласының полиция департаменті қырағы болуды, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды, шағын және орта бизнес объектілерін бейнебақылау камераларымен жарақтандыруды ұсынады.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.