Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті

Қызылордалық полицейлер үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері «Қызылорда еріктілері» қоғамдық қорының және Қызылорда облысының “Волонтерлер фронт офисі” жетекшілерімен кездесіп, болашақ серіктестікті талқылады.

Жалпы, қоғамдық тәртіпті қадағалау жолында белсенділердің ауқымды істерінің тәртіп сақшыларына көмегі зор. Күнделікті өмірде еріктілер тобы жоғалған жандарды іздеуде полицияға жәрдемдесіп келеді. Тәртіп сақшыларымен бірлесе жоғалғандарды іздеп табу мақсатында орман алқаптарын, қараусыз қалған құрылыстар, құдықтар мен басқа да орындарды тексереді. Сонымен қатар жоғалғандар туралы әлеуметтік желілердегі топтарға таратып, репост жасап, белсенділік танытады.

– Қоғамдық тәртіпті қадағалау жолында белсенділердің ауқымды істерінің тәртіп сақшыларына көмегі зор. Бірлесіп ұйымдастырылған іс-шаралардың нәтижесі баршылық, қызмет барысында бізбен бірге жұдырықтай жұмылған еріктілерге ерекше ризашылығымды білдіремін. Алдағы уақытта да жүйелі жұмыстарды жалғастыра береміз, – деді Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Ілияс Жұмағұлов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру