Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астаналық тұрғын еш себепсіз өзгенің көлігін зақымдады

Астаналық тұрғын еш себепсіз өзгенің көлігін зақымдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 22 қыркүйек күні таңғы уақытта Asia Park сауда ойын-сауық орталығының маңында болды. Белгісіз ер адам еш себепсіз Lada көлігінің алдыңғы әйнегіне зақым келтірген.

Оқиға орнына автопатруль жіберілді. Полиция қызметкерлері келгенге дейін 35 жастағы азаматты оқиға куәгерлері ұстады.

Құқық бұзушы Нұра ауданының полиция басқармасына жеткізілді, онда оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабы 1-бөлігі (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ер адамды бес тәулік мерзімге қамауға алу түрінде шешім қабылдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру