Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астаналық тұрғын жүргізуші куәлігін аламын деп алаяққа алданған

Астаналық тұрғын жүргізуші куәлігін аламын деп алаяққа алданған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізуші куәлігін алуға көмек ұсынған 38 жастағы ер адамды ұстады.

Атап айтқанда, полиция бөлімінің кезекші бөліміне елорда тұрғыны келіп, жүргізуші куәлігін алғаны үшін алаяққа 150 мың теңге бергенін хабарлаған. Ол арнайы ХҚКО-дағы байланыстарға сілтеме жасап, жүргізуші куәлігін алуға көмектесуге уәде берген. Ақша алғаннан кейін ол жасырынып, телефон қоңырауларына жауап беруді тоқтатқан. Жедел-іздестіру барысында полиция қызметкерлері алдамшыны анықтап, ұстады.

Оған қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Полицейлер жүргізуші куәліктерін дайындау тәртібі мен ережелері ресми интернет-ресурста (www.gov.kz) орналастырылғанын еске салып, тек уәкілетті орган беретінін айтады. Жеке тұлғалардан жүргізуші куәлігін жасау туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі хабарландырулар алаяқтық болып табылады. Жалған құжаттарды сатып алғаны үшін ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылған. Жалған фейктердің таралу фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру