Атбасарда екі велосипед ұрлаған күдікті қолға түсті
Атбасарда екі велосипед ұрлаған күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4 маусымда Атбасар ауданының полиция бөліміне 37 жастағы тұрғын өтініш білдірді. Оның айтуынша, 25 мамырда сағат 03:00 шамасында үйлердің бірінің подъездінен белгісіз тұлға екі велосипедті ұрлап кеткен. Өтініш беруші ұлымен досына қонаққа келген. Подъездің кіреберіс есігінің кодтық құлыпына сенген ер адам велосипедтерді төменде қалдырған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Бұрын ұрлық үшін сотталған, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ 31 жастағы ер адам көрші үйде орнатылған бейнебақылау камерасының объективіне түсті. Қаскөй велосипедтерді нарықта сатып жіберген. Оның осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.