Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстаулық тұрғын үйінде қызыл кітапқа енген жыртқыш құсты асыраған

Маңғыстаулық тұрғын үйінде қызыл кітапқа енген жыртқыш құсты асыраған, – деп хабарлайды Polisia.kz

3 қыркүйекте Маңғыстау облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлерімен Түпқарағандық тұрғыннан мемлекет қорғауындағы сирек кездесетін құс тәркіленді.

Белгілі болғандай, ол – қызыл кітапқа енген бүркітке ұқсас жыртқыш.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Тергеу амалдары жалғасуда.

Өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру