Атбасарда күш құрылымдары арасында шағын футболдан жарыс өтті
Атбасарда күш құрылымдары арасында шағын футболдан жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Футбол турнирі Астана күніне орайластырылды. Атбасар ауданы орталығының стадионында 7 команда үздік атағы үшін таласты. Ақмоланың ҚАЖД ЕЦ-166/4 мекемесінің ойнаған футбол командасы назардан тыс қалған жоқ. Барлық қатысушылар, құқық қорғау органдары, мемлекеттік құрылымдар өкілдері арасында «Турнирдің үздік қорғаушысы» ЕЦ-166/4 мекемесінің жас қызметкері Исатай Қалықұл атанды. Исатай кешегі ҚР ІІМ Қостанай академиясының курсанты, осы жылдың маусым айында қызметке кірісті.
Спорттық құмарлықпен біріктірілген ойыншылар жеңіске барынша күш салды. Спорттық жарыстардың атмосферасы бір минутқа ешкімді бей-жай қалдырмады. Турнирдегі ең бастысы есеп емес, спорттық құмарлық және достық кездесу болды. Атбасардың ЖІІБ командасы үздік атанды.
– Алаңдағы футбол күресі өте қызықты болды, біздің мекеме қызметкерлері спорттық дайындықтың жақсы деңгейін көрсетті, – деп атап өтті ЕЦ-166/4 мекемесінің бастығы Руслан Уразметов.