Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысы полиция департаментінде Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті

Атырау полициясында Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

25 қазан – Республика күніне орай Атырау облысы полиция департаментінде салтанатты іс-шара өтті. Жиынға ішкі істер органдарының ардагерлері мен департаменттің жеке құрамы қатысты.

Іс-шараны департамент бастығының міндетін атқарушы Құттыбай Садықов құттықтау сөзімен ашып, қатысушыларды мемлекеттік мерекемен құттықтады.

Салтанатты жиында қызметтік міндеттерін адал атқарып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосқан бірқатар полиция қызметкері марапатталды. Оларға "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалі, "Ішкі істер органдарының үздігі" төсбелгісі, Ішкі істер министрлігінің алғыс хаттары, сондай-ақ облыс әкімінің және департамент бастығының грамоталары мен алғыс хаттары табысталды.

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Департаменттің өнерлі қызметкерлері мен Атырау облысының өнерпаздары ән мен күйден шашу шашып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру