Республика күні: Павлодар облысында полицейлер мерекелік концертте өнер көрсетті
Республика күні қарсаңында Павлодар қаласындағы Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде мерекелік концерт өтті. Іс-шараға Ақсу қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері қатысып, көрермендерге өз өнерлерін ұсынды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Мерекелік бағдарлама патриотизм, бірлік және елдің тарихи-мәдени мұрасына құрмет тақырыптарын арқау етті. Полиция қызметкерлерінің концерттік нөмірлері шараның мазмұнын толықтырып, олардың шығармашылық қырларын танытты.
Республика күні – елдің мемлекеттілігін нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және халық бірлігін ұлықтаудың маңызды мерекесі.
Полиция қызметкерлерінің мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысуы қоғаммен байланысты нығайтып, азаматтарға тәртіп сақшыларының қызметтен тыс қырын танытуға мүмкіндік береді.
Мерекелік концерт туған елге деген құрметті арттырып, бірлік пен ынтымақтың маңызын тағы бір мәрте айшықтады.
