Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында полиция мемлекетаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын анықтады

Атырау облысында полиция мемлекетаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көші-қон қызметі бөліністеріне жүктелген міндеттердің бірі – сот орындаушылардың қаулылары негізінде іздеу жарияланған борышкерлердің тұрғылықты жерлерін анықтау. Бұл бағытта Атырау облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп жатыр.

Мәселен, өткен жылы Атырау облысы бойынша 100-ден астам борышкерлерге сот орындаушылардың қаулылары негізінде іздеу жарияланса, есепті мерзім соңында 79 борышкердің тұрғылықты жерлері анықталып, арнайы есептерден түсірілді. Іздеу жарияланған борышкерлердің ішінде Қазақстан Республикасының азаматтарымен қоса шетелдіктер де кездеседі. Мысалы 27 ақпан күні жүргізілген іс-шаралар барысында борышкер санаты бойынша мемлекетаралық іздеуде жүрген 33 жастағы азамат анықталды. Аталған шетелдік борышкерге 2022 жылдың 5 желтоқсан күні сот қаулысымен 53603 теңге әкімшілік айыппұл салынған. Сонымен қатар тексерулер барысында шетелдіктің еліміздің аумағында болу заңдылығын бұзғандығы анықталды. Нәтижесінде, борышкерден мемлекет пайдасына берешегін толықтай өндіру бағытында шаралар қабылданып, айыппұл өндіріліп, жазбаша түсініктемесінің негізінде іздестіру есептерінен түсірілді.

Еліміздің аумағында болу мерзімі өтіп кеткен аталған шетелдікке қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлімімен іс-құжаттар жинақталып, жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру