Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ-де кезектен тыс аттестаттау туралы айтылды

Мемлекет басшысы ІІМ-нің кезектен тыс аттестаттау өткізу туралы бастамасын қолдады. 28 ақпанда тиісті Жарлыққа қол қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аттестация ­1 сәуірде басталады.

– Бұл аттестаттаудың басты мақсаты – басшы лауазымдарды талантты және кәсіби білікті қызметкерлермен жасақтау үшін кадр резервін қалыптастыру, – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Спикердің айтуынша, бұл полиция жұмысының сервистік моделін қалыптастыру саясатының логикалық жалғасы болып табылады.

– Біз кадр саясатының трансформациясына көштік. Бізде орта буында қандай басшылардың жұмыс істейтінін жан-жақты зерделейтін кез келді. Бұл полицияның халыққа сапалы қызмет көрсетуін қамтамасыз ету және қауіпсіздік мәселесі бойынша қоғам сұранысын қанағаттандыру үшін жасалады, – деді Шыңғыс Алекешев.

Жалпы кезектен тыс аттестаттауға жататын лауазымдар тізбесі жеке құрамның 6%-ын құрайды.

Аттестацияны өткізу үшін Ішкі істер министрі мен оның орынбасарларының төрағалығымен орталық және өңірлік аттестаттау комиссияларының құрамы бекітілді.

Орталық комиссияның құрамына Бас прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері кірді. Айта кету керек, өңірлік комиссиялардың құрамына осы құрылымдардың өкілдері алғаш рет кірді.

Аттестаттау ретімен жүргізіледі. Ол:

  • физикалық және атыс даярлығы;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасын білу және логикалық ойлауды тексеру үшін компьютерлік тестілеу;
  • орталық және өңірлік аттестаттау комиссиялары өткізетін әңгімелесу кезеңдерінен тұрады.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру