Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында полиция жасөспірімдерге спорттық сайыс ұйымдастырды

Атырау облысында полиция жасөспірімдерге спорттық сайыс ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы “Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары” негізінде Атырау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы түрлі іс-шаралар өткізу ісін қолға алды. Бұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты – жасөспірім арасында нашақорлыққа және синтетикалық есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру.

Осы бағытта Атырау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бұқаралық спортты дамыту клубымен бірлесіп, жастар арасында футбол спорттық түрінен сайыс өткізді. Жарысқа барлығы 7 команда қатысты. Олар – Атырау – Жарық, Драмтеатр, Алғабас, Сырым Датов, Азаттық, Канцев және Дамба ауылы.

Жарыстың нәтижесі бойынша Атырау – Жарық командасы жеңімпаз атанса, II орынды Дамба ауылы және III орынды Драмтеатр командасы еншілеп, арнайы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, жарыс соңында жас спортшыларға нашақорлық пен синтетикалық есірткінің зияны, оның қазіргі қоғамдағы кең таралуы және есірткінің заңсыз айналымына қатысты құқықбұзушылықтар жөнінде мәлімет берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру