Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полиция есірткі қылмысымен айналысқан күдіктілерді қолға түсірді

Павлодарда полиция есірткі қылмысымен айналысқан күдіктілерді қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері есірткі қылмысымен айналысқан 33 жастағы ер адам мен 37 жастағы әйелді  ұстады. Алдын ала анықталғандай, ұсталғанға дейін зиянкестер тыйым салынған заттарды құпия орынға тығып үлгерген.

– Оқиға болған жерді қарап тексеру кезінде полицейлер есірткі заты бар орамдарды және зерттеуге бағытталған, сондай-ақ электронды таразылар мен бекіткіші бар пакеттерді қоса алғанда, буып-түюге арналған құрылғыларды алып қойды. Полицейлер заңсыз айналымнан ұсталғандардан барлығы 33 грамнан астам синтетикалық есірткі затын тәркіледі, бұл аса ірі мөлшерге жатады, – дейді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.

Полиция қызметкерлері ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын, сондай-ақ тыйым салынған заттарды жеткізу арналарын анықтау бойынша жұмысты жалғастыруда. Күдіктілердің айтуынша, олар интернет-ресурстар арқылы есірткі сатып алған. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Күдіктілер Павлодар қаласының УҚИ-на қамауға алынды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы қылмыстық-процессуалдық кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру