Атырау облысында ҚАЖД қызметкерлері арасында «Толағай» отбасылық спорттық жарысы өтті
Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұйымдастыруымен қызметкерлердің отбасылары арасында «Толағай» жарысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Спорттық эстафетада алты команда болды, оған төрт адамнан қатысты – әкесі, анасы және балалары. Қатысушылар арасында ата-аналардың бірі – қылмыстық-атқару жүйесінің белсенді қызметкері. Әр мекемеден, яғни УГ-157/1 тергеу изоляторы, УГ-157/9 ерлер колониясы және УГ-157/11 әйелдер колониясынан қатысқан команданың өз атауы мен формасы болды.
Спорттық эстафетада командалар жарыстың бес түрі бойынша өздерінің ептілігін, күші мен жылдамдығын көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша үш үздік команда анықталды, алайда марапаттар мен сыйлықтар барлық алты командаға табысталды.
Айта кетейік, спорттық жарыс еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.