Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында жазасын өтеушілер спорттық жарысқа қатысты

Атырау облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №79 түзеу мекемесінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында жазасын өтеуші әйелдер спорттық жарысқа қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шараның ашылуында Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов қатысушыларға сәттілік тіледі. Мекеменің тәрбиелік іс-шаралар жоспарына сай, сотталған азаматшалардың денсаулығын сауықтыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында ұйымдастырылған спорттық жарыста сотталғандар дойбы, үстел теннисі және арқан тартудан сайысқа түсті.

Спорттың қай түрі болсын адам ағзасына тигізер пайдасы мол. Мысалы үстел теннисі – қол, көз кординациясын жақсартады. Ақыл-ойды сергітеді. Ойлау, дене қозғалысы шапшаңдығын арттырады. Жарысқа белсенді қатысқан жеңімпаздар медаль және дипломмен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру