Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицияда қызмет ететін нәзік жандылар марапатталды

СҚО-да 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында полицияда қызмет ететін нәзік жандылар марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өткізді. Облыстық полицияның 10 қызметкері ҚР ІІМ министрінің құқықтарымен марапатталды.


Оларға төсбелгілер мен грамоталар табыс етілді, атап айтқанда, ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін ІІМ Құрмет грамотасымен экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Зульфия Қожағұлова марапатталды.


СҚО ПД екінші арнайы бөлімінің бастығы Марина Алексакина “Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде қосқан үлесі үшін” медалімен, “Қазақстан полициясына 30 жыл” мерейтойлық медалімен Петропавл қаласы ПБ екінші полиция бөлімі бастығының орынбасары Гүлмира Сағитова марапатталды.


Ішкі істер органдарының ардагерлері де назардан тыс қалған жоқ. Ардагерлер ұйымдарының жұмысына қосқан үлесі және жас қызметкерлерді тәрбиелегені үшін қазақстандық ІІО және Ұлттық ұлан Ардагерлер кеңесінің төралқасы ардагер Зинаида Трусованы “ІІМ құрметті ардагері” төсбелгісімен марапаттады. СҚО ПД грамоталарымен мінсіз қызметі үшін Оксана Рындина мен Татьяна Рахимова марапатталды.

СҚО полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов ардагер әйелдерді құттықтап, лауазымы мен атағына қарамастан әрбір әйел қызметкердің еңбегі өте маңызды және құнды екенін атап өтті. Ардагерлерге, сондай-ақ қызметкерлердің адал жарларына деген алғыс шексіз.

Солтүстік Қазақстан полициясы жеке құрамының үштен біріне жуығы әйелдер. Жалпы саны екі мыңға жуық адам полиция қатарында 620 әйел адам қызмет атқарады, оның 365-і аттестатталған қызметкерлер.

Облыстық полицияның ең ірі бөлімшесінде, Петропавл қаласының полиция басқармасында 721 қызметкердің 150-і әйел. Олар ерлермен тең дәрежеде қызмет етеді, қиындықтармен және жеке уақытпен есептеспейді, жауапты лауазымдарды атқарады. Қалалық полиция басқармасының 8 қызметкері полиция подполковниктерінің погондарын абыроймен киюде. Облыстың ПД аппаратында төрт әйел полиция полковнигі қызмет етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру