Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері көлік ұрлағандарды ұстады

Алматы полицейлері көлік ұрлағандарды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Ізін суытпай” 2000 және 2004 жылы туған екі ер адам ұсталды. Алдын ала болжам бойынша, олар Айнабұлақ ықшамауданындағы үйлердің бірінің ауласынан бөтеннің көлігін ұрлап кеткен.

– Біздің бөлімшенің криминалдық полиция бөлімі күдіктілерді ұстады. Олар өз қылмысын мойындады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Ұрланған көлік тәркіленді. Ұсталғандардың осыған ұқсас басқа да эпизодтарды жасауға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр, – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

Қылмыстық істің басқа да мән-жайлары ҚР ҚПК-нің 201-бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес жария етуге жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру